Таразда екі мыңнан астам мұғалім тиісті жалақысынан қағылып келген

Поделиться

Жамбыл облысында мүгедек балаларды үйінде оқытатын екі мыңнан астам мұғалім жалақысынан қағылып келген. Өңірдегі білім саласына жауапты мамандар екі жыл ішінде жалпы соммасы 70 миллион теңгеге жуық қаржыны тиісті мақсатта үлестірмегені анықталды деп хабарлайды КТК телеарнасы.  

Бұл бассыздықты аймақтағы білім беру мекемелеріне тексеріс жүргізген прокуратура әшкерлеген.

Жергілікті оқу орындарында тексеріс жүргізу барысында прокуратура заң бұзушылықтарды анықтаған.

Құзырлы орынның мәліметінше, 2016-2018 жылдар аралығында екі мыңнан астам мұғалімнің еңбек құқығы бұзылған.

Прокуратура ұстаздар мүмкіндігі шектеулі оқушыларды тегін оқытып келгенін алға тартты.

Олардың сөзінше, заңға сәйкес, жарымжан балалардың үйіне барып білім берген әрбір қызметкерге жалақыдан бөлек қосымша ақша берілу керек екен.

Құзырлы орган берілуі қажетті ақша үлестірілмегенін жеткізді.

“Мұғалімдерге көрсетілген еңбек жағдайы үшін жалақы көлемімен алғанда, 40 пайыз қосымша төлемдер берілу тиіс еді. Алайда бұл екі жылдан бері істелмеген.

Ықпал ету шараларымен заң бұзушылықтар жойылып, білім беру жүйесінің 8 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілкке тартылды”, – Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Қайсар Бекмұратов.

Айта кетейік, прокуратураның араласуынан кейін мұғалімдердің қағылып келген жалақылары қайтарылған.

Дереккөз: КТК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған