Жетісайда өгей шеше қорлаған қыздардың әкесі теріс діни ағымды ұстанушы болып шықты

Поделиться

Түркістан облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы өгей анасының балаларына дене жарақатын салған істі өз өндірісіне алды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, қазіргі таңда күдікті әйел ҚР ҚК-нің 110- бабы “Азаптау” және 140-бабы “Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге қатысты міндеттерді орындамау” бойынша жауапқа тартылуда.

“Қыздардың әкесі деструктивті діни ағымының ұстанушысы”, – деп хабарлады полициядан.

Бұл қылмыстық іс ҚР ІІМ-нің және облыстық прокурорының бақылауында.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған