Әуежайдан қомақты ақша тауып алған тазалаушы Өзбекстанға қашып кетпек болған

Поделиться

Шереметьево әуежайының тазалаушысы ақша толы пакет тауып алып, Өзбекстанға қашып кетпек болған деп хабарлайды ca-news.org сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бейнебақылау камераларындағы жазбаларға сәйкес, әуежай қызметкері ғимаратты тазалап жүріп 3,6 мың доллар салынған пакет тауып алады.

Анықталғандай, бұл ақша Сеул-Мәскеу-Санкт-Петербург рейсінің жолаушысыны тиесілі болған екен. Келіншек ақшасын отырғызу уақытында түсіріп алыпты.

Полицейлер ақшамен Өзбекстанға ұшып бара жатқан азаматт ұстап үлгерді.

Ақшаның жартысы тазалаушының өзінен табылса, қалған бөлігі туысының үйінен тәркіленген.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған