Галстук таққан зиян ба?

Поделиться

Неміс дәрігерлері галстук тағудың бас мидағы қан айналымына кері әсер ететінін анықтады. Зерттеудің нәтижелері Neuroradiology журналына жарияланды, деп хабарлады РИА Новости.

Шлезвиг-Голштейн университеттік ауруханасының мамандары галстук мойындырық көктамыры мен ұйқы күретамырын қысып, ағзаға кері әсер етеді деген тұжырымға келді.

Зерттеу жұмыстарына 30 адам қатысты. Олардың жартысына галстук тағылып, магнитті-резонансты томография жасалды. Қалғандары да тексеруден өтті, бірақ галстуксыз.

Зерттеу нәтижесінде галстуктың мидағы қан айналымды айтарлықтай төмендететіні анықталды.

Дәрігерлер мынадай мәселені көтеріп, дабыл қағып отыр: көптеген компаниялар мен мамандық иелерінде дресс-код міндеттелген және оның ішінде галстук пен жағалы жейде бар. Алайда жұмыс берушілер олардың зиянды екеніне бас қатырмайды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған