Қазақстанда 10 миллионнан астам электронды денсаулық паспорты жасалды

Поделиться

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевтің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 10 миллионнан астам денсаулық сақтау паспорты жасалды деп хабарлайды Zakon.kz .

«Өткен жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі электронды денсаулық паспортының құрылымы бойынша HLC стандарттарын жариялады. Медициналық ақпараттық жүйелерді әзірлеушілер өз жүйелерінің жергілікті деңгейде әрі қарай республикалық деңгейде ықпалдастыра отырып дамыта бастады», – деді ол брифингте.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтарынан бастап осы жүйеге 4 аймақ кірген, ал шілде айынан бастап барлық өңірлер қағазсыз құжаттама жобасына қосылған.

«Қазіргі таңда 10,2 миллион жергілікті электронды денсаулық паспорты жасалды. Жылдың соңына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі паспорттардың синхрондалатын алаңын іске қосады. Қазіргі мәселе қандай? Егер сізге бір аймақта ЭДП жасалса, онда мысалы, Алматыға іссапармен келгенде, мәліметтер қол жетімсіз болады», – деп түсіндірді агенттік өкілі.

Осы мәселені шешу үшін, О.Әбішевтің айтуынша, биылғы жылдың аяғына дейін бірыңғай платформаны іске қосып және оның негізінде 10,2 млн ЭДП үйлестіру жоспарланып отыр.

«Қай ауруханада, қай өңірде екеніне қарамастан, науқас туралы жинақталған барлық деректер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің серверлерінде сақталуы тиіс және жеке болсын, мемлекеттік болсын, барлық медициналық ұйымдарға қолжетімді болуы тиіс», – деді вице-министр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған