ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездест

Поделиться

Жұмыс сапары аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаев Жамбыл облысының активімен кездесу өткізді.

Кездесуге облыс әкімі Асқар Мырзахметов, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова, Алматы, Шымкент қалалары бойынша, Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстары бойынша аумақтық департаменттерінің басшылары, этно-қауымдастықтардың өкілдері, мәслихаттардың депутаттары, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Агенттік Төрағасы Алик Шпекбаев өз сөзінде мемлекет басшысының тапсырмасымен, оның ішінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ағымдағы бағыттарын, мемлекеттік қызмет жүйесін дамытуды, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес жұмыстарының нәтижелерін, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстарын айтып өтті.

Сондай-ақ, кездесу барысында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Фатима Жақыпова және «Бизнес пен инвестицияларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобалық бөлімінің басшысы Гүлмира Кабиева сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Агенттік Төрағасы Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерімен кездесті, «Достық үйінде» тақырыптық көрмеге барып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы жұмыстар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар, «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының іске асырылуы туралы жұмыстар ұсынылды. Сондай-ақ жергілікті және шетелдік инвесторлармен, кәсіпкерлермен және іскерлік қауымдастықтармен кездесу өткізіліп, онда «Protecting Business and Investments» жобалық офисі таныстырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған