Сейфтен ақша ұрлап букмерге тігіп жіберген

Поделиться

2019 жылдың екінші қаңтарында шамамен сағат 22:30-да Тараз қаласындағы мейрамханалардың бірінде 24 жастағы мейрамхана әкімгері сейфтен ақшалай 1 020 000 теңге ұрлап, мекеме иесіне қомақты шығын келтірген. Одан әрі күдікті күні бойы бірнеше букмекерлік кеңседе ұтыс тігіп, барлық ақшаларды ұтылған.

Сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің жақында ғана мейрамхана әкімгері болып орналасқаны анықталды.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталып өз кінәсін мойындады.

Аталмыш қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған