Жымқырғанмен алысқа ұзамады

Поделиться

2018 жылдың 30 желтоқсанында Тараз қаласы орталығында орналасқан кафелердің бірінде жәбірленушінің қалтасынан 1 090 000 теңге және 1000 АҚШ долларын жасырын түрде жымқырып, жәбірленушіге 1 470 000 теңге материалдық шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1989 ж.т. Ш.есімді азамат анықталып, қылмыстық іс бойынша қорғаушының қатысуымен күдікті ретінде танылды.

Күдікті өзінің кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі таңда ҚР ҚК 188-бабы, 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Жамбыл облысы Полиция департаменті Баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған